$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Абай мектебі төңірегіндегі даудан соң Жұлдыз Сүлейменова Алматыға шұғыл барды

Редакция
03 қыркүйек 2026, 09:47
Абай мектебі төңірегіндегі даудан соң Жұлдыз Сүлейменова Алматыға шұғыл барды Сурет авторы: Stan.kz

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Абай ұлттық мектебіне» қатысты түрлі пікірлер айтылып, бірқатар сұрақтар көтерілген болатын. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласына арнайы келіп, мектеп түлектерімен жүзбе-жүз кездесті. Жиынға қатысқан түлектердің арасында белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері болды.  

Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесу барысында түлектер жүргізілген аудит қорытындысы, мектеп басшылығындағы кадрлық өзгерістер, оқу процесін ұйымдастыру және білім ордасының қазіргі жағдайына қатысты өздерін толғандырған барлық сауалдарын қойды. Жұлдыз Сүлейменова көтерілген әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме беріп, қойылған сұрақтарға толық жауап қайтарды.  

Қазіргі уақытта «Абай ұлттық мектебі» штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оқу процесі қалыпты ырғақпен жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар