$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақстандық мына жоба 43 ел арасынан үздік деп танылды

Редакция
06 қараша 2025 10:07 101
Қазақстандық мына жоба 43 ел арасынан үздік деп танылды

Қазақстандық Global Green Hub халықаралық «SDG Pioneers 2025 Awards» байқауында бірінші орынды иеленді. Байқауды Journalists and Writers Foundation (JWF) ұйымдастырған. Биылғы додаға 43 елден 700-ден астам экожоба қатысқан. Финалға өткен 77 үміткердің ішінде Global Green Hub үздік деп танылды.

Халықаралық қазылар алқасы қазақстандық жобаны қоршаған ортаны қорғау, климаттық шешімдер және қауымға бағытталған инновацияларды дамытудағы көшбасшылық үшін жоғары бағалады. Ұйым жеңіс нәтижесінде Certificate of Recognition мен 2000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Global Green Hub платформасы экологиялық білім мен тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істейді. Ұйым өкілдері бұл марапат Қазақстанда да әлемдік деңгейге сай экошешімдер әзірленіп жатқанын көрсететінін айтты.

Сонымен қатар, биыл Global Green Hub ҚР Сыртқы істер министрлігінің номинациясымен ЮНЕСКО сыйлығына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар