$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

340 адам талаптарға сай болмаса да «Болашақ» стипендиясын иеленген

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 13:06
340 адам талаптарға сай болмаса да «Болашақ» стипендиясын иеленген Сурет авторы: bolashak.gov.kz

Қазақстанда 340 үміткер «Болашақ» стипендиясын іріктеу талаптарына сай келмесе де алған, деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тлеген Қаскин мәжілістегі үкімет сағатында. Бұл мақсатқа 7,7 млрд теңге бөлінген.

Оның айтуынша, Ғылым және жоғары білім министрлігі бағдарламаны басқару барысында елеулі тәуекелдерге жол берген. Сонымен қатар 151 стипендия белгіленген лимиттен тыс тағайындалған.

Аудитор жасанды интеллект бағыты бойынша жоспарланған 54 стипендияның тек бесеуі ғана берілгенін, қалған 49-ы басқа бағыттарға қайта бөлінгенін атап өтті.

Министрлік «Болашақ» бағдарламасының талаптарын бұзған стипендиаттарға қатысты айыппұлдарды арттыру мәселесін қарастырып жатыр. Сонымен қатар бағдарлама қатысушылары бюджетке 14,5 млрд теңгені қайтарған.

Соңғы жаңалықтар