$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

2025 жылға арналған Президент стипендиясы қалай бөлінді?

Абдрахманов Мағжан
22 шілде 2025 17:01 376
2025 жылға арналған Президент стипендиясы қалай бөлінді? Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығына сәйкес, биылғы Президент стипендияларының бөліну тәртібі бекітілді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, стипендиялар келесі мемлекеттік органдар арасында бөлінген:

🔹 Ғылым және жоғары білім министрлігі:
– студенттерге – 1014 стипендия,
– магистранттарға – 5 стипендия;

🔹 Мәдениет және ақпарат министрлігі:
– студенттерге – 17,
– магистранттарға – 1;

🔹 Денсаулық сақтау министрлігі:
– студенттерге – 4,
– магистранттарға – 1;

🔹 Ауыл шаруашылығы министрлігі:
– студенттерге – 45,
– магистранттарға – 1.

✅ Жалпы алғанда, 2025 жылға студенттерге – 1080, магистранттарға – 8 Президент стипендиясы қарастырылған.

📌 Ережеге сай, Президент стипендиясы студенттерге 3-курсынан бастап, ал магистранттарға 2-оқу жылынан бастап тағайындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар