$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

№2 Білім-инновация лицейінің жас ұстаздары топ жарды

Дулат Абдраманов
02 қазан 2025 15:39 20
№2 Білім-инновация лицейінің жас ұстаздары топ жарды Сурет авторы: БИЛ

Атырау облысында өңірдің жас мұғалімдері арасында ұйымдастырылған Буккроссинг байқауында №2 Білім-инновация лицей-интернатының ұстаздар командасы I орын иеленіп, 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны жеңіп алды. 🏆💰📚

Байқау жас педагогтардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітап алмасу мәдениетін насихаттауды көздеген. Қатысушылар шығармашылық идеялар мен ерекше тәсілдерді ұсыну арқылы өзара бақ сынады.

Жеңімпаз атанған команда құрамында:

  • Нұрлан Мейір

  • Сайлаубай Мәди

  • Габдешов Бекарыс

  • Амиров Азамат бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, №2 БИЛ ұстаздарының жеңісі — олардың білімге, кітапқа және жаңашылдыққа деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.

«Біздің ұстаздарымыз тек білім беріп қана қоймай, оқуға ынталандыратын мәдениетті қалыптастыруда да белсенділік танытып келеді», — делінген лицейдің ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар