$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Жемқорлық: Жұмыс істемейтіндерге заңсыз жалақы мен еңбек демалысының жәрдемақысын аударған

Редакция
07 қазан 2024 02:06 4398
Жемқорлық: Жұмыс істемейтіндерге заңсыз жалақы мен еңбек демалысының жәрдемақысын аударған Сурет авторы: Yevgeniy Sambulov/CP

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған.

34 млн теңге шығын келтірілді.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.

Соңғы жаңалықтар