$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Жекеменшік мектептерге бөлінген мемлекеттік қаражат туралы деректер ашық болады

Редакция
08 қаңтар 2025 07:19 4293
Жекеменшік мектептерге бөлінген мемлекеттік қаражат туралы деректер ашық болады Сурет авторы: Shutterstock

Енді жекеменшік мектептердің жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу порталына жарияланатын болады. Бұл шешім ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау аясында қабылданды. Оқу-ағарту және Қаржы министрліктері бірлесіп жұмыс жүргізіп, орта білім беру жүйесіндегі қаржыландыру процесін айқын әрі ашық етуге бағытталған шараларды жүзеге асырды.

Мемлекеттік аудит барысында жекеменшік мектептердің қаржыландыру шарттары туралы деректердің бұрын мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілмегені анықталған. Енді «Шарттар тізілімі» бөлімінде өнім берушілердің атаулары, шарттар және орындалған жұмыстар туралы мәліметтер қолжетімді болады. Бұл азаматтарға мемлекеттің жеке меншік білім беру ұйымдарына көрсететін қаржылық қолдау туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Биылдың өзінде 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге 134 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар