$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Жекеменшік мектептердің оқушыларын тегін тамақтандыру үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлінді

Редакция
24 қаңтар 2025 02:22 2499
Жекеменшік мектептердің оқушыларын тегін тамақтандыру үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлінді Сурет авторы: shutterstock

Елімізде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру жүйесі жеке мектептерді де қамтитын болады. Бұл туралы 30 желтоқсанда Президент қол қойған «Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері туралы» Заңда айтылған.

Жаңа бастама аясында биылдан бастап жеке мектептерде оқитын бастауыш сынып оқушылары да тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарлама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Жергілікті бюджеттен оны жүзеге асыру үшін 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Сонымен қатар жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын жеке мектеп оқушыларына да әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіледі. Бұған дейін мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен кеңсе тауарларын сатып алуға арналған көмек тек мемлекеттік мектеп оқушыларына көрсетілген болатын. Енді бұл көмек жеке мектеп оқушыларына да қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар