Жалақы азайды, ашу күшейді: Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық мұғалім санатынан айырылды
Сурет авторы: istock
Шығыс Қазақстан облысында 200-ге жуық “педагог-зерттеуші” санатындағы мұғалімнің біліктілік категориясы төмендетіліп, “педагог-эксперт” деңгейіне түсірілді. Бұл шешім ұстаздардың наразылығын тудырып, олар өз құқықтарын сот арқылы қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде inbusiness.kz хабарлады.
Педагогтардың айтуынша, биыл аттестация электрондық форматта алғаш рет өткізілген. Процесс қаңтарда басталып, тамызда аяқталуы тиіс болған. Алайда жаңа ережелер 25 ақпанда қабылданып, 10 наурызда күшіне енген. Мұғалімдер бұл түзетулер аттестация басталып кеткеннен кейін енгізілгендіктен, шарттарды орындау мүмкін болмағанын айтады.
«Біз нәтижелерді үш ай бойы күттік. Қорытынды 1 қыркүйекке дейін шығуы керек еді, бірақ басқармадан бұйрық тек 19 қарашада келді. Сол кезде 200-дей мұғалімнің категориясы төмендетілгенін білдік», – деді мектеп мұғалімі Юлия Березка.
Педагогтардың сөзіне қарағанда, олардың көпшілігі өту балы – 113-тен жоғары нәтиже көрсеткен, бірақ бағалау парақтарында “авторлық бағдарлама Координациялық сараптамалық кеңестен өтпеген” деген түсініктеме жазылған.
«Бағалау парақтарын көруге рұқсат сұрадық, бірақ “Өрлеу” институты да, облыстық білім басқармасы да көрсетпеді. Кейін ресми сұрау салғаннан кейін кейбірімізге қолжетімді болды. Сол кезде көпшілігіміздің ұпайымыз жеткілікті екені анықталды. Бірақ жаңа талап – авторлық бағдарлама бекітілуі керек деген шарт енгізілген, ол уақыт жағынан орындалмайтын нәрсе», – дейді ұстаздар.
Мұғалімдердің айтуынша, авторлық бағдарламаны әзірлеу мен оны үш жыл бойы апробациядан өткізу уақыт талап ететін күрделі жұмыс, ал аттестация алдында бар-жоғы бірнеше ай ғана қалған.
Сонымен қатар мұғалімдер енді жалақысының азайғанымен қатар, үш ай бойы алған үстемақысын да кері қайтаруға міндетті болмақ.
«Педагог-зерттеуші мен педагог-эксперт арасындағы жалақы айырмасы ай сайын шамамен 30 мың теңге. Егер жылына есептесек, бір мұғалімнен 360 мың теңге үнемделеді. 200 ұстаз бойынша бұл 72 миллион теңге. Бәлкім, шенеуніктер бюджет үнемдеуді осылай шешкен шығар», – дейді педагогтар.
Олардың пікірінше, мұндай шешім білім беру сапасына да соққы болады.
«Бұл аттестацияны біз емес, білім басқармасы “құлатты”. Республика, халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарын тәрбиелеген, оқу бағдарламаларының авторлары, тәжірибелі ұстаздар еңбегі бір белгімен жоққа шығарылды. Көпшілігі – 30 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагер мұғалімдер», – деді Березка.
Облыстық білім басқармасы жағдайды түсіндіріп, әр педагогпен жеке кездесу өткізіп, бағалау парақтарымен таныстыратынын мәлімдеді.
«Былтыр авторлық бағдарлама дайындау талабы болған, бірақ ол бағалау жүйесіне кірмеген. Биыл министрлік жаңа өзгеріс енгізіп, бұл талап аттестация критерийлерінің біріне айналды. Егер педагог бір тармақты орындамаса, аттестациядан өте алмайды», – деді басқарманың мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Әсел Булжанова.
Қазіргі уақытта мұғалімдер әділеттілікті сот арқылы талап етуге дайын екенін айтып отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын