$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ұлын жалған жұмысқа орналастырған мектеп директорына 9 миллион теңге айыппұл салынды

Редакция
11 шілде 2024 07:28 1366
Ұлын жалған жұмысқа орналастырған мектеп директорына 9 миллион теңге айыппұл салынды Сурет авторы: Halyq Uni

Алматы облысында ұлын жалған жұмысқа орналастырғаны үшін мектеп директорына айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы облысы Балқаш аудандық соты хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айында Балқаш өңіріндегі мектептердің бірінің директоры ұлын мекемеге зертханашы етіп жалған жұмысқа орналастырған. Мемлекетке келтірілген шығын 902 мың теңгеге бағаланды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот оған ұрланған мүлкінің 10 еселенген мөлшері – 9 миллион теңге айыппұл салды. Енді мектептің бұрынғы басшысы оны үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті, әйтпесе жаза бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар