Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы табыстады
Сурет авторы: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Салтанатты іс-шараға химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен 24 лауреат шақырылды. Олардың қатарында 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері бар.
Президент жас дарындарды жеңістерімен құттықтап, білім әлеміндегі табыстарын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы жеңіс тек дарындылықтың ғана емес, ең алдымен еңбектің, табандылық пен үздіксіз ізденістің жемісі екенін атап өтті.
"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу оңай емес. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол дарынды оқушыларды тәрбиелеген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтып, еліміздің болашағы білімді де жасампаз жастардың қолында екенін ерекше атап өтті.
Президент соңғы жылдары оқушылардың халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқанын мәлімдеді. Былтырдан бері Қазақстан командасы 30-дан астам олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысып, мыңға жуық медаль иеленген. Оның ішінде 200-ге жуығы – алтын, 300-ден астамы – күміс, шамамен 500-і – қола медаль.
Мемлекет басшысы талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Бұл мақсатта еліміздің әр өңірінде заманауи үлгідегі «Келешек мектептері» ашылып, мұғалім мәртебесін көтеру, ғылым жолындағы жастарды қолдау шаралары жүргізіліп жатыр.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында мыңдаған жас әлемнің озық университеттерінде білім алды. Енді осы бағдарламаға ең қабілетті, дарынды балаларды ғана іріктеу керек. Келесі жылдан бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақ» бойынша шетелде оқуға мүмкіндік алады, – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуында жасанды интеллект мамандары, инженерлер, ғалымдар, педагогтар мен дәрігерлердің сұранысқа ие болатынын айтты. Ол «Росатом» компаниясымен салынатын алғашқы атом электр стансасының ғылыми-техникалық прогрестің символына айналуы тиіс екенін атап, оның атауын халық арасында байқау арқылы таңдауды ұсынды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс жүлдегерлерге 1000 АЕК, қола жүлдегерлерге 500 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын табыс етті.
Президент жастарға әрдайым адалдық пен еңбекқорлықты ту етіп, Отанға қызмет етуге шақырды және олардың Қазақстанды зияткер ұлт ретінде танытып жүргеніне зор сенім артатынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын