$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Талдықорғанда 4,5 млрд. теңге жымқырған 21 бухгалтер сотталды

Редакция
23 шілде 2024 06:28 4951
Талдықорғанда 4,5 млрд. теңге жымқырған 21 бухгалтер сотталды Сурет авторы: Голос народа

Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды.

Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты. 

ҰҚТ мүшелері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15 жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар