$ 512.44 € 593.15 ₽ 6.52

Шымкенттегі су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

16 маусым 2025 09:59 20
Шымкенттегі су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды Сурет авторы: gov.kz

Шымкент қаласындағы стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл шешім Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы негізінде қабылданған.

Өткен жылдың желтоқсанында Жоғары аудиторлық палата Шымкенттегі су бұру саласында бюджет қаражаты мен активтердің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп, стратегиялық маңызы бар нысандардың жеке меншікке өтіп кеткенін анықтаған. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Су кодексі талаптарына қайшы келеді.

Осыған байланысты Үкіметке нысандарды мемлекет меншігіне заңнамаға сәйкес қайтару туралы ұсыныс жасалған.

Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап-арызын қанағаттандырды. Жеке меншікке өткен ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды. Аталған комитеттің құқықтық мұрагері – Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Жоғары аудиторлық палатаның осы және өзге де ұсынымдарының орындалуы бақылауда болады.

Соңғы жаңалықтар