$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Шымкентте университет басшылығы мен қызметкерлер 256 млн теңге жымқырған

Редакция
19 мамыр 2025 02:12 3501
Шымкентте университет басшылығы мен қызметкерлер 256 млн теңге жымқырған Сурет авторы: Informburo.kz

Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің қалалық департаменті хабарлады.

Тергеу барысында университет басшылығы мен қызметкерлері, оның ішінде ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департамент директорлары, сондай-ақ серіктес ұйым басшылары күдікті ретінде танылды.

Олар жалпы сомасы 256 млн теңге болатын жалған келісімшарттар жасаған. Қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге байланысты келісімшарттар іс жүзінде орындалмаған. Алайда бюджет қаржысы жалған актілер арқылы байланысты компаниялар шотына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған ақшаға 254 млн теңгеге бағаланатын элиталық коттедж және Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 секілді 6 қымбат көлік сатып алынған. Барлық мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Қазіргі таңда төрт күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып отыр.

Қылмыстық іс толық тергеліп, сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар