$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Сенат ғылым туралы заңды мақұлдады

Редакция
21 маусым 2024 11:56 3996
Сенат ғылым туралы заңды мақұлдады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды мақұлдады.  

Палата төрағасы атап өткендей, заңдарға енгізілген түзетулер ұлттық ғылыми жүйені жетілдіруді, сондай-ақ, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті тиімді үйлестіруді көздейді.

«Негізгі заң арқылы ғылыми қызмет субъектілері және олардың құқықтары айқындалды. Жас ғалымдарды ынталандыру және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері де қайта қаралып отыр. Ғылыми-техникалық жетістіктерді коммерцияландыруға арналған түзетулер де қамтылған. Осыған орай кәсіпкерлерге салықтық және инвестициялық жеңілдіктер беру қарастырылып отыр. Алдағы уақытта қаралған заңдар еліміздің ғылыми жүйесін жаңғыртуға өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар