$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

SDL ұстаздары Оқу-ағарту министрлігінің марапатына ие болды

Дулат Абдраманов
24 қазан 2025 15:32 59
SDL ұстаздары Оқу-ағарту министрлігінің марапатына ие болды

SDL мектебінің ұстаздары Тұрсынай Сатжанова мен Ұлбосын Ахметова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапаттарымен марапатталды.

Білім саласында ұзақ жылдар абыройлы қызмет етіп келе жатқан Тұрсынай Сатжанова еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі мен ұлағатты еңбегі үшін “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісіне ие болды. Ол – өз мамандығына адал, шәкірт жетістігіне қуана білетін, үлгі тұтар ұстаз.

Ал Ұлбосын Ахметова білім беру саласындағы жоғары нәтижелері мен шығармашылық ізденісі үшін “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Ұлбосын апай – әр сабағын жүрекпен өткізетін, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тәжірибелі педагог.

Соңғы жаңалықтар