$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Оқу-ағарту министрі президентке есеп берді

Редакция
13 қыркүйек 2024 09:01 4241
Оқу-ағарту министрі президентке есеп берді Сурет авторы: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады.

Ғани Бейсембаев еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Оның айтуынша, былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Министр орта білім сапасын арттыру туралы да айтты. Ол мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген деп айтты. 

Бейсембаевтың айтуынша, Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған

Соңғы жаңалықтар