Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімі Көкшетаудағы БИЛ-дің жаңа ғимаратын аралап көрді
Редакция
24 қазан 2025, 15:33
Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі
Көкшетаудағы «Білім-инновация» лицей-интернатында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Қонақтар лицейдің жаңа ғимаратын аралап, жаңадан ашылған қыздар сыныбының сабағына қатысып, оқушылармен тілдесті. Сондай-ақ жаңа жатақхана мен акт залының жұмысымен танысты.