$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мұғалімдерге сынып жетекшілік үшін берілетін үстемақы 30 пайызға көтерілуі мүмкін

Редакция
17 қазан 2024 03:11 2542
Мұғалімдерге сынып жетекшілік үшін берілетін үстемақы 30 пайызға көтерілуі мүмкін Сурет авторы: shedevrum.ai

Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін үстемақыны көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауабында мәлімдеді. 

Бұл шаралар буллингтің алдын алу және балалар арасында тәртіп бұзушылықты болдырмауға атсалысатын 220 мың мұғалімді қолдауға бағытталған. Үкімет басшысының айтуынша, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілерінің еңбекақысын кезең-кезеңмен 30%-ға арттыру мәселесі талқылану үстінде.

Бектенов буллингтің алдын алу бойынша жаңа тәсілдерге де тоқталды. Ол 111 байланыс орталығының жұмысын еске салып, өткен жылы 18 783 әйел мен балаға көмек көрсетілгенін атап өтті. 

«Жаһандық құзыреттер» пәніне 5-9 сынып оқушылары үшін «Этика және эстетика» бөлімі қосылып, онда балалардың эмоционалдық интеллекті мен сыни ойлау қабілеті дамытылады. Сондай-ақ елдің 20 аймағында психологиялық қолдау орталықтары ашылды. 

Балалар мен ата-аналарға шұғыл психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін call-орталықтар, BalaQorgauBot2.0 чат-боты және Balaqorgau сайты қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар