$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Мұғалім шырша безендіремін деп жарақат алған: Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды

Редакция
23 желтоқсан 2024 06:56 3858
Мұғалім шырша безендіремін деп жарақат алған: Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды Сурет авторы: Sputnik

Абай облысы Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіру жұмыстарына тарту ісі бойынша қызметтік тексеру аяқталды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, бұл жұмыстарға қаладағы үш мектептен үш мұғалімнен қатысқан. Аталған мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал Семей қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Ахметқалиевтің мәліметінше, жағдай облыс әкімі мен оқу-ағарту министрінің бақылауында.

Еске салсақ, мұғалім Қуат Айтқалиев шыршаны безендіру кезінде жарақат алған. Министр Ғани Бейсембаев мұғалім мен оның отбасына қолдау білдіріп, мұғалімдерді кәсіби міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту "Педагог мәртебесі туралы" заңды бұзу екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар