$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Мемлекеттік жоба аясында 50 педагог мектеп директоры болды

Редакция
21 қаңтар 2025 02:33 3151
Мемлекеттік жоба аясында 50 педагог мектеп директоры болды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының нәтижесінде 2024 жылы 376 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды. Олардың ішінен 50 маман мектеп директоры, 40-қа жуығы директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу және дамыту. Іріктеуден өткен педагогтер оқыту мен тағылымдамадан өтіп, білім беру ұйымдарында басқарушылық тәжірибесін арттырады.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бағдарлама балабақша, мектеп және колледж педагогтерін қамтиды.

Соңғы жаңалықтар