$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Мектеп пен аурухана директорларына бизнеспен айналысуға рұқсат етіледі

Редакция
02 қазан 2024 05:44 3829
Мектеп пен аурухана директорларына бизнеспен айналысуға рұқсат етіледі Сурет авторы: elements.envato

Мемлекеттік басқару өкілдеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қойылған тыйым жойылмақ. Антикоррупциялық қызмет төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжілісте Конституциялық соттың шешімінен кейін заңдарды Конституция нормаларына сәйкестендіретін түзетулерді ұсынды.

Заң жобасы мемлекеттік қызмет өкілдерінің кейбіріне кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Бұл санатқа мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, соның ішінде мектеп пен аурухана басшылары кіреді.

Алайда келесі санаттағы тұлғалар үшін тыйым күшінде қалады:

  • Аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты жұмыс істейтін мүшелері;
  • Ұлттық банк, қаржылық және авиациялық реттеуші органдардың бақылау қызметкерлері;
  • Ұлттық компаниялар мен холдингтердің басшылары.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар