$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Мектеп директоры мұғалімдерден ай сайын ақша жинап келген

Редакция
22 шілде 2024 02:07 1365
Мектеп директоры мұғалімдерден ай сайын ақша жинап келген Сурет авторы: ашық дереккөзден

Мұны Мұнайлы ауданының прокуратурасы анықтады.

«№3 арнайы мектептің» директоры ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинаған.

Бқдан бөлек, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйақы есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ мектеп директоры өз қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар