$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қызылорда БИЛ оқушылары XVI Еуразиялық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Редакция
18 желтоқсан 2024 01:41 2677
Қызылорда БИЛ оқушылары XVI Еуразиялық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды Сурет авторы: Қызылорда облысының білім басқармасы

Алматы қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасындағы Информатикадан XVI Еуразиялық олимпиадада Қызылорда облысының оқушылары үлкен жетістікке қол жеткізді.

Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушылары Иса Ахмет, Мансұр Мамадахунов және Әлімхан Құрманов олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістік аймақтың білім сапасының жоғары деңгейде екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Сайыс Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) базасында өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 230-дан астам оқушы қатысты. Іс-шарада Орталық Азия елдерінен 77 команда бақ сынап, олардың ақпараттық технологияларға деген қызығушылығы мен біліктілігі жоғары екенін көрсетті.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың бағдарламалау дағдыларын дамыту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау болды.

Екі күндік бағдарлама қатысушыларға ақпараттық құзыреттілігін арттыруға және алған білімдерін нақты мәселелерді шешуге қолдануға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар