$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстандық төрт оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадаға аттанды

Редакция
02 қыркүйек 2024 09:49 1443
Қазақстандық төрт оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадаға аттанды

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады.

 Қазақстан құрамасының қатарында:

Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;

 Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар