$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында төрт медаль иеленді

Редакция
22 шілде 2024 08:55 2283
Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында төрт медаль иеленді Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бекасыл Елубай (Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы) мен Альтаир Ақанов (Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы) екінші орынды қанжығасына байлады.

Ал Нұргүл Егенбергенова (Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы) мен Нұрасыл Барлыбаев (Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы) үшінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар