$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақстандық оқушы Еуропаның үздік физигі атанды

Абдрахманов Мағжан
17 маусым 2025 16:59 251
Қазақстандық оқушы Еуропаның үздік физигі атанды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

17 маусым күні Болгария астанасы Софияда өткен Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) өз мәресіне жетті. Зияткерлік додада Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлделі орыннан көрінді.

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді.

Тағы бір астаналық оқушы – РФММ-нің 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматыдағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль алды.

Ал «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды. Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары – тәжірибелі тәлімгерлер Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындаған.

2024 жылы Қазақстан құрамасы бұл олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль еншілеген болатын.

Соңғы жаңалықтар