$ 542.29 € 629.54 ₽ 6.77

Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект пәні енгізіледі

Дулат Абдраманов
12 тамыз 2025 10:59 118
Үкімет отырысында Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект пәндерін енгізудің екі кезеңі таныстырылды.
Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект пәні енгізіледі Сурет авторы: bakertilly.com

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мектеп бағдарламасына жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін енгізу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 1-сыныптан бастап цифрлық сауаттылық пәнінде ЖИ-ға қатысты сабақтар оқытылады. Келесі қадам – бағдарламаны 1-ден 12-сыныпқа дейін толық енгізу.

Мамыр айында 9-12 сынып оқушылары арасында ЖИ бойынша олимпиада өткізіліп, оған 683 оқушы қатысқан. Нәтижесінде 12 үздік оқушы анықталып, олардың сегізі Пекиндегі халықаралық ЖИ олимпиадасына жолдама алды. Қазақстандық оқушылар жарыста 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар