$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қазақстан азаматтарының білімі туралы барлық мәлімет қамтылған «Bilim» сервисі іске қосылды

Редакция
20 мамыр 2024 07:34 1444
Қазақстан азаматтарының білімі туралы барлық мәлімет қамтылған «Bilim» сервисі іске қосылды Сурет авторы: 24.kz

Елде ыңғайлы және сенімді «Bilim» ақпарат көзі іске қосылды. eGov Mobile мобильді қосымшасындағы қолжетімді жаңа сервис білім туралы барлық қажетті ақпаратты бір платформада ұсынады.

«Bilim» - бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген», - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.

Соңғы жаңалықтар