$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қарағанды облысында 94 ауыл мектебі Starlink спутниктік жүйесіне қосылды

Редакция
27 маусым 2024 08:35 1903
Қарағанды облысында 94 ауыл мектебі Starlink спутниктік жүйесіне қосылды Сурет авторы: INFORM.KZ

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді.

«Ұлттық жоба аясында Қарағанды облысының 13 ауылды елді мекені KazSat спутниктік жүйелері арқылы интернет желісіне қосылды. Сондай-ақ Қарағанды облысындағы 106 мектептің 94-і Starlink спутниктік жүйесіне қосылған», - деп атап өтті вице-министр.

Министрлік мобильді байланыс сапасын бақылау және жақсарту бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде. Тексерулер жүргізу және айыппұлдарды арттыру операторларға көрсетілетін қызметтердің сапасына жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылдан бастап байланыс қызметтерінің сапасыздығы үшін айыппұл 100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

Соңғы жаңалықтар