$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

IChO-2024: Оқушыларымыз химия олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Редакция
30 шілде 2024 02:17 3520
IChO-2024: Оқушыларымыз химия олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-халықаралық олимпиадада елімізден барған барлық оқушы жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. 

International Chemistry Olympiad – дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың бірі. Құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биыл жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті. 

І орын: Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

І орын: Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;  

ІІ орын: Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;

ІІІ орын: Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. 

Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар