$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға ай сайын үстемақы төленеді

Редакция
30 мамыр 2024 12:38 3342
Ғылыми дәрежесі бар ғалымдарға ай сайын үстемақы төленеді

Сенат «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңды мақұлдады.

Парламенттің жоғарғы палатасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңды мақұлдады. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп аталмыш заң ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

«Ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында оларға ай сайынғы қосымша ақылар белгілейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру нормалары енгізілді, сондай-ақ жас ғалымдарды қоса алғанда, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілуде», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар