Ғалымдар қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде 7 мың жылға созылатынын дәлелдеді
Сурет авторы: caravan.kz
Қазақ даласының көне тарихы жаңа ғылыми дерекпен толықты. Қазақстан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ ғалымдарынан құралған халықаралық зерттеу тобы Шығыс Қазақстандағы Көкен қонысынан табылған ежелгі адам сүйектерінің ДНҚ-сын зерттеп, Science Advances ғылыми журналында тың нәтижелерін жариялады.
Зерттеу барысында ғалымдар 21 көне адамның геномын секвенирлеген. Ең ежелгі үлгі шамамен б.з.д. 5500 жылдарға, яғни 7 мың жыл бұрынғы ерте неолит дәуіріне тиесілі болса, қалғандары қола дәуірінің орта және кейінгі кезеңдеріне (б.з.д. 1800–1400 жж.) жатады және Андрон мәдениетімен байланыстырылған.
Палеогенетикалық зерттеу нәтижесі неолит дәуірінде қазіргі Қазақстан аумағын түрлі генетикалық топтардың мекендегенін көрсетті. Көкен тұрғындарының бірі ежелгі палеосібірлік, бірі ежелгі солтүстік еуразиялық тегінен шыққанымен, олардың арасында туыстық байланыс болған. Бұл 7 мың жыл бұрынғы қазақ жерінде әртүрлі этникалық және мәдени қауымдардың өзара араласқанын дәлелдейді.
Сонымен қатар ғалымдар көне аңшы-терімшілердің генетикалық бейіні Тобыл–Есіл және Жоғарғы Обь бойындағы топтардан өзгеше екенін анықтаған. Бұл өзен аңғарлары халықтарды табиғи шектеу аймағына айналдырып, олардың жеке популяциялық құрылымда дамығанын көрсетеді.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Көкеннің көне тұрғындары кейінгі қола дәуіріндегі мал шаруашылығымен айналысқан және көшпелі қоғамдардың генетикалық негізін қалыптастырған. Сол генетикалық желі қазіргі қазақтар мен Орталық Азия халықтарының геномында бүгінге дейін сақталып отыр.
Бұл жаңалық қазақ ғылымының атасы саналатын тұңғыш антрополог Оразақ Исмагұловтың идеяларымен үндес. Ол өз еңбектерінде қазақ халқының биологиялық сабақтастығы кемінде бес мың жылға созылғанын физикалық антропология тұрғысында дәлелдеген еді. Ал археогенетика саласындағы жаңа зерттеу бұл тарихты тағы екі мың жылға тереңдетіп, қазақ жеріндегі генетикалық сабақтастықты 7 мың жылдық деңгейде көрсетіп отыр.
«Біздің нәтижелер қазақ халқының генетикалық тарихы кемінде жеті мың жылға созылатынын айғақтайды. Орталық Азия халықтарындағы шығысеуразиялық компонент тек түркі және моңғол дәуірінен емес, Ертіс бойын мекендеген неолиттік байырғы қауымдардан бастау алады. Ертіс өңірі ежелден Еуразия кеңістігіндегі генетикалық және мәдени ықпалдастықтың маңызды торабы болған», – деді Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының басшысы, биология ғылымдарының кандидаты Мақсат Жабағин.
Зерттеу жобасы Мақсат Жабағин (Қазақстан, Ұлттық биотехнология орталығы), Чунгвон Чон (Оңтүстік Корея, Seoul National University), Кристина Вариннер (АҚШ, Гарвард университеті және Германиядағы Макс Планк институты) және Паула Думани Дюпюи (Қазақстан, Назарбаев университеті) жетекшілігімен жүзеге асқан.
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
19 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
22 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
22 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
23 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
23 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
23 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
1 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын