$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

"Ең қорқынышты" мектеп: Алматыда 27 жыл жөндеуден өтпеген білім ордасының фотосы жарияланды

Редакция
01 қазан 2024 04:34 3751
"Ең қорқынышты" мектеп: Алматыда 27 жыл жөндеуден өтпеген білім ордасының фотосы жарияланды Сурет авторы: halyqstan

Алматы қаласындағы №73 мектеп-гимназиясының қазіргі жағдайы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Оқу орны 1960 жылы салынған және соңғы жөндеу жұмыстары 27 жыл бұрын жасалған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл білім ордасын «ең ескі» және «ең қорқынышты мектеп» деп сипаттады. Мектепте жөндеу жұмыстары осы жылдың 2-тоқсанында басталуы керек болғанымен, әлі күнге дейін ешқандай іс-шаралар жүргізілмегені сынға алынған.

"Қазіргі уақытта мектепте 1041 оқушы білім алуда, ал сабақ беретін мұғалімдер саны – 83", – делінген Алматы білім басқармасының Kazinform-ге берген жауабында.

Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында басталады, ал жөндеу кезінде оқушылар №40 жалпы білім беретін мектеп пен №146 мектеп-лицейінде уақытша оқитын болады.

Соңғы жаңалықтар