$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Енді оқушылар бір уақытта мектеп пен колледжді бітіріп шығуы мүмкін

Редакция
14 қазан 2024 03:18 3260
Енді оқушылар бір уақытта мектеп пен колледжді бітіріп шығуы мүмкін Сурет авторы: alau.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында 10-11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша мектептегі оқумен қатар колледждерде оқуға мүмкіндік беруді ұсынды. 

"Мысалы, ауылдарда түске дейін сабақ оқиды. Оған түстен кейін колледждерде параллелді түрде қосымша мамандық алып шығуға мүмкіндік беруші едік", – деді экс-министр баяндамасында.

Оның айтуынша, 11-сынып бітіргендердің 50 мыңы 11-сыныптан кейін колледждерге түсіп жатыр. Осылайша олар оқыған пәндерін қайта оқуға мәжбүр болады.

"Біздің ойымызша, 10-11-сыныпта оқитындарға колледжде параллелді оқу мүмкіндігін беру ақшаны да азайтады, балалардың уақытын тиімді жұмсауға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар мектеп бітіргенде, аттестатпен қоса нақты бір мамандықты да алып шығатын болады", – деп түсіндірді депутат.

Соңғы жаңалықтар