$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Емтиханды заңсыз жолмен тапсырмақ болған НЗМ оқушылары ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен айырылды

Редакция
06 маусым 2024 08:16 1435
Емтиханды заңсыз жолмен тапсырмақ болған НЗМ оқушылары ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен айырылды Сурет авторы: Facebook/ Anuar Zhangozin

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары емтихан тапсырмаларын өз бетінше әзірлеп, оларды шынайы тапсырмалар ретінде көрсеткен.

НЗМ-де тексеріс жүріп, оқушылардың бірі тапсырмаларды өз бетімен жасағаны, ал басқалардың оны шынайы емтихан материалдары ретінде таратып жібергені анықталды.

"Бұл біздің мектептердің академиялық адалдығы мен ішкі ережелерін қатаң бұзу болып саналады", – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Заң бұзған оқушылардың емтихан нәтижесі қайта тапсыру құқығынсыз жойылды. Олар ҰБТ сертификатын алу мүмкіндігінен де айырылды. Материалдарды таратуға қатысқан қалған оқушыларға да тәртіптік жаза қолданылды.

НЗМ басшысы оқушылар мектепке түскен кезде ішкі тәртіп ережелерімен танысып, келісімшартқа қол қоятынын атап өтті.

"Біз мектептеріміздегі білім беру процесінің сапасы мен тұтастығын сақтау үшін білім берудің жоғары стандарттарын, академиялық адалдық пен ашықтық принциптерін ұстануды бұдан әрі де жалғастырамыз", – деді ол.

 

 

Соңғы жаңалықтар