$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

“Елімізде Жасанды Интеллект саласына бағытталған 15 мамандық бар”,- Вице-министр Дархан Ахмед-Заки

Редакция
04 қазан 2024 03:02 2063
“Елімізде Жасанды Интеллект саласына бағытталған 15 мамандық бар”,- Вице-министр Дархан Ахмед-Заки Сурет авторы: QR News

Астанада VII Орталық Азия Халықаралық форумы басталды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова форумда сөз сөйлеп еліміздің денсаулық саласындағы ғылыми жетістіктер туралы сөз сөйледі.  Ол “Білім, ғылым және сапа бұл - бір ұғым”, деп қазіргі кезде денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде екенін айтты. 

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки елімізде білім саласында Жасанды Интеллектке бағытталған мамандықтар туралы айтты. Оның сөзінше ЖИ саласындағы мамандықтарда 2000- аса студент білім алуда. Еліміздегі 17 оқу орнында 15 мамандық Жасанды Интеллектке бейімделген. Оған қоса, осы жылы Қазақстанда 20- астам шетелдік оқу орынының филиалдары ашылып, бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар