$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде инклюзивті білім беру саласында педагог тапшы

Редакция
11 қараша 2024 02:14 2328
Елімізде инклюзивті білім беру саласында педагог тапшы Сурет авторы: smarttop.kz

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог мамандардың тапшылығы байқалады. Атап айтқанда, мұндай жетіспеушілік Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалады. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Алматыда 582, Астанада 525, Шымкентте 367, Түркістан облысында 256 және Маңғыстау облысында 208 маман жетіспейді.

Кадр тапшылығын жабу мақсатында министрлік келесі жылдан бастап кәсіби стандартқа педагог-ассистент мамандығын енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекші лауазымы енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар