$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Елге қайтарылған 2,6 млрд теңгеге Жетісу өңірінде апатты мектептің орнына жаңа білім ордасы бой көтереді

Редакция
31 желтоқсан 2024 02:51 2822
Елге қайтарылған 2,6 млрд теңгеге Жетісу өңірінде апатты мектептің орнына жаңа білім ордасы бой көтереді Сурет авторы: kapital

Рудничный ауылында апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа мектеп салынады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұл мақсатқа арнайы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңге бөлінген.

Ескі мектеп ғимараты 1969 жылы салынған, онда 140-тан астам бала оқиды. Білім беру мекемесі 55 жыл бойы ешқашан жөндеу көрмеген, қазіргі уақытта мектеп 40%-ға тозған.

Жаңа мектеп 200 оқушыға арналған, сонымен қатар 30 орындық шағын дайындық орталығы қарастырылған. Ауылда жалпы саны мыңнан астам тұрғын бар, оның ішінде 241 бала мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

«Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етіп, балалардың заманауи білім талаптарына сай жағдайларда оқуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар