$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Бюджет қаражатын жымқырған білім саласындағы 9 есепшіге үкім шықты

Редакция
05 қыркүйек 2024 09:32 3787
Бюджет қаражатын жымқырған білім саласындағы 9 есепшіге үкім шықты Сурет авторы: gov.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы есепшілер білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударғанын дәлелдеді.

"Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды", – делінген хабарламада.

Келтірілген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар