$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барады?

Редакция
27 тамыз 2024 10:03 4551
Биыл қанша бала бірінші сыныпқа барады? Сурет авторы: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.  

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.  

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар