$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

“Білім-Инновация” лицейінің екі түлегі ISPHO Халықаралық ғылыми олимпиадасында жүлделі орын жеңіп алды

Редакция
11 шілде 2024 02:21 1088
“Білім-Инновация” лицейінің екі түлегі ISPHO Халықаралық ғылыми олимпиадасында жүлделі орын жеңіп алды

🏆 “Білім-Инновация” лицейінің екі түлегі ISPHO Халықаралық ғылыми олимпиадасында жүлделі орын жеңіп алды

 

Ханты-Мансийскіде

ISPhO-2024 физикадан халықаралық ғылыми олимпиада өз мәресіне жетті.

💯 Байқау нәтижесінде қазақстандық оқушылар бес жүлде, оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

🇰🇿Қазақстан құрамасының мүшелері:

 

🥇Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;

 

🥇Досжан Бисимби — Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

 

🥈Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі;

 

🥈Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі;

 

🥉 Илияс Қазымбек — Астана қаласы РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

 

Команда жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.

 

Соңғы жаңалықтар