$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

Автобус жүргізушісі 61 мың теңге қарыз болып қалған: Ақылы жол ақысы ақылға сыя ма?

Редакция
06 тамыз 2025 13:20 183
2 тамыз күні Алматы маңындағы ақылы жолда автобус жүргізушісіне 61 мың теңге көлемінде төлем есептелді. Бұл жағдай «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының назарын аудартты.
Автобус жүргізушісі 61 мың теңге қарыз болып қалған: Ақылы жол ақысы ақылға сыя ма? Сурет авторы: informburo.kz

Компания мәліметінше, мұндай ірі сома жол ақысының уақытында төленбеуі салдарынан жиналады. Автобус жүргізушісі Алматы мен Қонаев қалаларын байланыстыратын ақылы жол учаскесінен бірнеше рет өткен, алайда жүйеге тіркелмеген және төлем жасамаған. Әр рет тіркелген өту фактілері қосылып, жалпы берешек 61 мың теңгеге жеткен.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге көліктерін алдын ала тіркеп, төлемді уақытында жүргізіп отыруды ұсынады. Әйтпесе, қарыз сомасы күн санап өсіп, айыппұлдармен бірге төлем мөлшері бірнеше есеге ұлғаюы мүмкін.

Автор: Бекарыс Сейдахмет

Соңғы жаңалықтар