$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ауыл мектебі оқушылары арасындағы II республикалық олимпиада басталды

Редакция
11 желтоқсан 2024 07:42 1418
Ауыл мектебі оқушылары арасындағы II республикалық олимпиада басталды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі
10-14 желтоқсан аралығында Астанада ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтіп жатыр. Оған облыстық кезеңнен өткен 450 оқушы қатысады.
 
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және болашақ мамандықтарын таңдауға қолдау көрсету. 
 
Биыл олимпиадаға қатысуға 113 мыңнан астам оқушы ниет білдірді, өткен жылмен салыстырғанда 35 мыңға көбейген.
 
Қорытынды кезең қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша дәстүрлі форматта, екі тур бойынша өтеді. Нәтижесінде қатысушылардың жалпы санының 45%-ы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ретінде анықталады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орнының ректорлық гранттары беріледі. 
 
Сондай-ақ қорытынды кезеңге қатысушылардың барлығы алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай оқуға қабылданады. І дәрежелі диплом иегерлері 2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады. 
 

Соңғы жаңалықтар