$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

100 үздік олимпиадалық мектеп рейтингі жасалды

Редакция
28 мамыр 2024 02:26 1651
100 үздік олимпиадалық мектеп рейтингі жасалды Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі
2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды.
 
Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 6 мектеп, екінші орынды 6 мектеп және үшінші орынды 23 мектеп иеленді.
 
Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 баллға, күміс – 2 баллға және қола – 1 баллға бағаланады.
Тізімді мына жерден көре аласыз.

Соңғы жаңалықтар