$ 487.44 € 567.38 ₽ 6.62

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше аймағында қолайсыз ауа райы туралы ескерту жариялады

Редакция
05 маусым 2026, 12:48
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше аймағында қолайсыз ауа райы туралы ескерту жариялады Сурет авторы: КазТаг

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыстан келетін циклонның әсерінен ауа райы күрт құбылады. бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.

Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің түрлі өңірлерінде ауа райының айтарлықтай өзгешелігі байқалмақ. Синоптиктер батыс, қиыр солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауатынын, сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін екенін ескертеді. Ал бұл уақытта еліміздің орталығында жауын-шашынсыз, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

Аймақтар бойынша күтілетін ауа температурасы:

Оңтүстікте: +35…+40°С;

Оңтүстік-шығыста: +30…+39°С;

Орталықта: +30…+38°С;

Шығыста: +30…+37°С;

Солтүстікте: +28…+35°С.

Тек еліміздің батыс өңірлерінде ғана термометр бағандары +20°С-қа дейін төмендеп, салқын ауа райы орнығады деп күтілуде.

Биылғы маусым айындағы рекордтық ыстық толқынына байланысты Ақтөбе, Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында құрғақшылық қаупі бар. Осыған орай синоптиктер еліміздің 15 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты арнайы ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар