$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Оңтүстікте күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2025 12:07 534
Оңтүстікте күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады Сурет авторы: inform.kz

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына суық антициклон әсер етеді.

Синоптиктердің айтуынша, жылы күз күндерінен кейін солтүстік өңірлерде қыстың лебі сезіле бастады. Түнгі уақытта теріс температура тіркеліп, кей жерде жаңбыр қарға ұласты.

Антициклон оңтүстікке қарай жылжып, 1 қазанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жаңбыр қарға ауысуы ықтимал.

🌡 Ауа температурасы өңірлер бойынша:

  • Батыс: түнде 3–8°, күндіз 10–22° жылы.

  • Оңтүстік-батыс: түнде 7–12°, күндіз 18–23° жылы.

  • Солтүстік-батыс пен солтүстік: түнде +3°...–6°, күндіз 3–15° жылы.

  • Орталық: түнде 2–7°, күндіз 7–18° жылы (бұрын 22–28° болатын).

  • Шығыс: түнде 2–15°, күндіз 20–25°, солтүстігінде 10–15° жылы.

  • Оңтүстік: түнде 5–13°, күндіз 15–28° жылы.

  • Оңтүстік-шығыс: түнде 10–15°, таулы аймақтарда 0–5°, күндіз 15–30° жылы.

Соңғы жаңалықтар