$ 487.17 € 565.65 ₽ 6.72

Қазгидромет: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы және ескерту

Редакция
16 маусым 2026, 17:35
Қазгидромет: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы және ескерту Сурет авторы: egemen.kz

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 17 маусымда Қазақстанның негізгі мегаполистерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Жылы және суық ауа массаларының өзара әрекеттесуіне байланысты күн райының күрт өзгеруі, найзағайлы жаңбыр және желдің екпінді күшеюі болжануда.

Астана қаласында  түнде ауа райы жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16°C, күндіз +31…+33°C шамасында болады.

Алматы қаласында түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыс бағытындағы желдің екпіні 13 м/с-қа жетеді. Түнде температура +21°C болса, күндіз +33…+35°C-қа дейін жоғарылайды.

Шымкент қаласында тәулік бойы ауыспалы бұлттылық сақталып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Температуралық режим: түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Синоптиктер еліміздегі ауа райының алдағы үш күнде құбылмалы болатынын, оның ішінде шквальный жел мен бұршақ жаууы мүмкін екенін хабарлайды. Сонымен қатар, 16 маусымда Астана және Алматы қалаларында ауаның ластану деңгейіне қатысты ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар