$ 450.79 € 524.13 ₽ 5.31

Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады

Редакция
11 қыркүйек 2026, 11:46
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады Сурет авторы: chemwatch.net

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті. Атмосфералық фронттар мен циклонның ықпалынан республика бойынша жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде.

Елдің солтүстік өңірлерінде күн райы едәуір суытып, толассыз жаңбыр жаууы ықтимал. Орталықта да жауын-шашын мөлшері артып, желдің екпіні күшейеді. Ал оңтүстік аймақтарда әзірге жылы ауа райы сақталады. Батыс өңірлерде керісінше күн райы біртіндеп тұрақталып, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы қайта көтеріледі.

Термометр бағаналары күндіз мынадай көрсеткіштерді көрсетеді:

  • Солтүстікте: +13...+20 градус;

  • Орталықта: +15...+25 градус;

  • Батыста: +20...+30 градус.

 

Соңғы жаңалықтар