$ 464.73 € 546.57 ₽ 6.19

Бұршақ пен +32° ыстық: Синоптиктер ауа райының шұғыл өзгеретінін хабарлады

Редакция
22 сәуір 2026, 16:54
Бұршақ пен +32° ыстық: Синоптиктер ауа райының шұғыл өзгеретінін хабарлады Сурет авторы: Yuz.uz

Қазақстанда 23-25 сәуір аралығында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігіне әсер етеді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі деп күтілуде.

Аймақтардағы температуралық өзгерістер:

• Батыс Қазақстанда: ауа температурасы төмендеп, күндіз +7...+18 градус болады.

• Солтүстік-батыста: температура +10...+20 градусқа дейін түседі.

Ал еліміздің өзге өңірлерінде керісінше күн біртіндеп жылынады:

• Солтүстікте: +18...+27 градус жылы;

• Орталықта: +22...+30 градус жылы;

• Шығыста: +20...+28, таулы аудандарда +10...+15 градус жылы;

• Оңтүстікте: +27...+32, таулы аудандарда +22 градус жылы;

• Оңтүстік-шығыста: +20...+30, таулы аудандарда +10...+15 градус жылы.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейден келетін циклонның ел аумағындағы қолайсыз ауа райына себеп болатыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар